АСТАНА, 7 қыркүйек – Sputnik. Германияның канцлері Олаф Шольц Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлады Ақорда.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 2024 жылдың 16-17 қыркүйек күндері Германияның Федералдық канцлері Олаф Шольц Қазақстанға ресми сапармен келеді", - делінген Ақорда хабарламасында.
Сапар аясында Астанада жоғары деңгейдегі келіссөздер, сондай-ақ "Орталық Азия + Германия" форматындағы екінші кездесу өтеді.