АСТАНА, 6 қыркүйек – Sputnik. "Халық қызметшісі" фракциясының отырысында Украина президенті Владимир Зеленский сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебаның отставкаға кетуін Киевтің мүдделерін белсенді ілгерілетпеуімен байланыстырып түсіндірді, деп жазды украиналық "Общественное" басылымы жазды.
Бұл Кулебаның "қару-жарақ жеткізуге күш-жігерінің жоқтығына" байланысты болғаны айтылды.
Сонымен қатар отырыста бұрын отставкаға кеткен премьер-министрдің еуропалық және еуроатлантикалық интеграция жөніндегі орынбасары Ольга Стефанишинаның жаңа қызметке ауысуы мүмкін екендігі талқыланды.
Осы аптада Жоғарғы Рада спикері Руслан Стефанчук Украинаның әділет министрі Денис Малюска, Украинаның өнеркәсіптің стратегиялық салалары министрі Александр Камышин, қоршаған ортаны қорғау министрі Руслан Стрелец, сондай-ақ еуропалық және еуроатлантикалық интеграция бойынша премьер-министрдің орынбасары Ольга Стефанишина отставкаға кету туралы арыз жазғанын мәлімдеді. Кейін Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба да отставкаға кеткені белгілі болды.