Үсік, жаңбыр, тұман: синоптиктер 7 қыркүйектегі ауа райын болжады

Sputnik
АЛМАТЫ, 6 тамыз - Sputnik. Қазгидромет 7 қыркүйектегі ауа райын болжады.
Синоптиктердің болжамынша, атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен ел аумағының басым бөлігінде найзағаймен жаңбыр жауады.
Елдің шығысында, оңтүстік-шығысында түнде қатты жауын шашын (жаңбыр, қар), күндіз қатты жаңбыр жауады. Батыста, республиканың орталығында антициклон әлі де жауын-шашынсыз ауа-райын сақтайды. Ел бойынша желдің күшеюі күтіледі, шығысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.
Ұлытау, Жетісу облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, Қызылорда облысының солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде де төтенше өрт қаупі сақталады.