АСТАНА, 6 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстанның Нидерланд және Швециядағы төтенше және өкілетті елшілері тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.
Олжас Мұхамедғалымұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі болды. Бұған дейін бұл лауазымды Сергей Нұртаев атқарған болатын.
Ал Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды. Бұрынғы елші Асқар Жұмағалиев қызметінен босатылды.