Спорт

Сиязбек Дәлиев Паралимпиада ойындарының финалына шықты

Ол іріктеу кезеңінде 50 метр қашықтықты 36.42 секундта жүзіп өтті
Sputnik
АСТАНА, 6 қыркүйек – Sputnik Пара жүзуден Қазақстан құрамасының өкілі Сиязбек Дәлиев Паралимпиада ойындарының финалына шықты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.
S5 санатында 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзудің іріктеу кезеңінде Сиязбек Дәлиев аталған қашықтықты 36.42 секундта жүзіп өтіп, финалға жолдама алды.
Финал Астана уақытымен 20:52-де өтеді.
Спорт
Паралимпиада-2024: Қазақстан қоржынына тағы бір күміс түсті