АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның Украинадағы елшілігі шиеленістің күшеюіне байланысты және қауіпсіздік мақсатында Қазақстан азаматтарына Украина аумағынан кету мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
"Украинадан Қазақстанға бару үшін Қазақстан Республикасының азаматтары жерүсті бағыттарын пайдалана алады: Польша немесе Молдова арқылы, одан әрі коммерциялық әуе қатынасы арқылы ұшады", - деп жазылған елшіліктің хабарламасында.
Польша арқылы кеткен жағдайда Қазақстан азаматтарында Шенген визасы болуы қажет. Молдоваға кіру үшін виза қажет емес.
Сонымен бірге елшілік барлық азаматты әуе шабуылы туралы ескертуді елеусіз қалдырмай, дереу паналауға, өз қауіпсіздік шараларын сақтауға және ресми органдардың ұсынысын орындауға шақырды.
Елшіліктің консулдық бөлімінің байланыс телефондары: +38 (044) 4831596, +38(044) 4891031.
Қазақстан азаматтарына арналған жедел желі (төтенше жағдайда): +380673470408.