Тоқаев Давид Дегтяревті екі дүркін Паралимпиада чемпионы атануымен құттықтады

Sputnik
АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Давид Дегтяревті екі дүркін Паралимпиада чемпионы атануымен құттықтады.

"Давид Дегтяревті Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы атануымен шын жүректен құттықтаймын! Ол ерекше ерік-жігер танытып, жеңіс тұғырынан көрінді",- деп жазды мемлекет басшысы өзінің Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, Давид Дегтярев XVII жазғы Паралимпия ойындарының жеңімпазы атанды.