Сириялық сарапшы АҚШ-тың жаңа санкциясына қатысты пікір білдірді

Сирия журналистер одағының басшысы Батыстың БАҚ-қа қарсы науқанын тоқтату үшін халықаралық құқықтық әдістерді қолдануға шақырды
Sputnik
АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. АҚШ-тың ресейлік және саясаты Вашингтонның саясатымен сәйкес келмейтін барлық БАҚ-қа қарсы санкциясы ақпарат алаңындағы террор болып есептеледі, бұл қылмыстық әрекеттерге қарсы тұру және әшкерелеу үшін баламалы интернет платформалар құру маңызды, деді Сирия журналистер одағының басшысы Мұса Әбделнұр.
АҚШ "Россия сегодня" медиа тобына қарсы санкция салды. Жаңа санкция "Россия сегодня" медиа тобы мен RT бас редакторы Маргарита Симонянға және осы телеарнаның бірқатар топ-менеджеріне қатысты.
"Олардың істеп жатқаны – бұл ақпараттық террор. Сондықтан біз бір орында тұрып қалмай, АҚШ БҰҰ ұйымдары мен әлеуметтік интернет-платформалардың көпшілігін бақылайтынын ескеруіміз керек", — деді Әбделнұр.
Одақ басшысы Батыстың БАҚ-қа қарсы науқанын тоқтату үшін халықаралық соттарды тарта отырып, халықаралық құқықтық әдістерді қолдануға шақырды.
"Оған қарсы тұру үшін әлемдік әлеуметтік интернет-платформаларды бақылап отырған бұл елдердің қылмыстық саясатын жария етіп, жұртшылыққа, ең алдымен, батыс қоғамына ақпарат берудің кез келген құралын пайдалану қажет. Батыс жұртшылығына бағытталған осындай платформалар құру қажет... Осындай санкцияларға ұшыраған елдердің балама БАҚ құруға мүмкіндігі бар", - деп толықтырды Әбделнұр.
Ол ресейлік БАҚ-қа қарсы салынған санкциялар бұған дейін сириялық және ливандық "Аль-Маядин" телеарнасына да, "саясаты АҚШ саясатына сәйкес келмейтіндердің барлығына қарсы" салынғанын еске салды. "Мұндай әрекеттер халықаралық құқық пен сөз бостандығы құқығын ашықтан-ашық бұзады", - деді ол.