АЛМАТЫ, 5 тамыз - Sputnik.Сарыөзек гарнизонындағы 12740 әскери бөлімінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісі жараланды, деп хабарлайды ҚР Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі.
2 қыркүйекте әскери қызметші қару-жарақты қолдану ережелерін бұзудың салдарынан оң қолынан жарақат алды.
"Әскери қызметші Талдықорған қаласындағы облыстық ауруханаға жатқызылып, оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді. Зардап шегушінің денсаулық жағдайы қанағаттанарлық", - дейді ведомство.
Қылмыстық іс қозғалды.