Қазақстанның бірінші вице-премьері Скляр мен "Газпром" басшысы Миллер ШЭФ-2024-те кездесті

Sputnik
АСТАНА, 5 қыркүйек - Sputnik. Қазақстанның бірінші вице-премьері Роман Скляр мен "Газпром" басшысы Алексей Миллер ШЭФ-2024-те газ саласындағы ынтымақтастық туралы келіссөздер жүргізді.
2023 жылғы қарашада "Газпром" және Қазақстан үкіметі стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Құжат табиғи газды жеткізу, тасымалдау және өңдеу, сондай-ақ оны геологиялық барлау және өндіру саласындағы өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған.
Естеріңізге сала кетейік, 3-6 қыркүйекте Ресейде Шығыс экономикалық форумы өтуде.
Sputnik - ШЭФ бас ақпараттық серіктесі.