Паралимпиада ойындары: дзюдошы Ақмарал Науатбек финалға шықты

Финал Астана уақытымен сағат 19:00-де өтеді
Sputnik
АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандық пара дзюдошы Ақмарал Науатбек Паралимпиада ойындарының финалына шықты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.
"Пара дзюдодан J2 класында 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ақмарал Науатбек жартылай финалда түркиялық қарсыласы Джахиде Екені иппонмен жеңіп, финалға жолдама алды", - деп жазылған хабарламада.
Финалдық кездесу Астана уақытымен сағат 19:00-де өтеді.
Тоқаев Давид Дегтяревті екі дүркін Паралимпиада чемпионы атануымен құттықтады