Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

АҚШ “Россия сегодня” ақпарат агенттігіне санкция енгізді: РФ СІМ пікір білдірді

Sputnik
АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова АҚШ-тың “Россия сегодня” ақпарат агенттігіне салған санкциясына қатысты пікір білдірді.
АҚШ қаржы министрлігі “Россия сегодня” медиа тобына, RT телеарнасына, РИА Новости ақпарат агенттігіне және олардың бірқатар еншілес құрылымына қарсы жаңа санкциялар пакетін қабылдағанын хабарлады.
АҚШ ресейлік БАҚ-тағы ең ірі басылымдардға қарсы қабылдаған бұл санкциялар пакеті адамдарды шынайы ақпараттан оқшаулау бойынша мұқият ойластырылған операцияларының нәтижесі екенін бірден айтуымыз керек, деп мәлімдеді Мария Захарова.
“Бұл дайындалған іс-шаралар сайлау қарсаңындағы шешімдерді жүзеге асыру үшін қажетті көзқарас қалыптастырады. Бұл әрекеттер қоғамды тұрақты күйзеліс жағдайына түсіру, оған қолдан жасалған қорқыныш ұялату және Ресейді қаскөй ретінде көрсету үшін жасалып жатыр. Біз АҚШ мұндай әдістерді бұрыннан қолданып жатқанын және оның жанама әсерлері болатынын іс жүзінде көріп келеміз", - деп мәлімдеді Мария Захарова.