АСТАНА, 4 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда "Жайлы мектеп" ауқымды жобасын іске асыруға 2,3 трлн теңге бөлінді. Заманауи талаптарға сай 369 мектеп салу жоспарланып отыр.
Ұлттық жобаны іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының орынды жұмсалуын Қаржы мониторингі агенттігі бақылайды.
ҚМА төрағасы Дмитрий Малахов "Samruk-Kazyna Construction" АҚ басқарма төрағасы Мәулен Айманбетовпен кездесуі кезінде президент жолдауында орта білім беру сапасын арттыруға және өскелең ұрпақты оқыту мен жан-жақты дамыту үшін лайықты жағдайлар жасауға ерекше назар аударғанын атап өтті.
Агенттік жүргізген мониторинг барысында қазірдің өзінде мектеп салу кезінде артық шығындардың алдын алу фактілері тіркелген.
"Samruk-Kazyna Construction" АҚ басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов жобаның іске асырылу мәртебесі, оны цифрландыру кезеңдері және сапалы орындалуын қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.
Кездесу қорытындысы бойынша экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша бірлесіп жұмыс істеуу мен ынтымақтастық орнату туралы меморандумға қол қойылды.