Ұлттық ұлан қолбасшысының орынбасары ұсталды

Sputnik
АСТАНА, 4 қыркүйек – Sputnik. Ішкі істер министрлігіне қарасты ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Министрлік бұл ақпаратты растады. Бас қолбасшысының орынбасары "заңсыз әрекет жасағаны үшін" айыпталып отыр.
"Қазіргі кезде құзіретті органдар ішкі істер министрлігімен бірге тергеу шараларын жүргізіп жатыр", - делінген ресми хабарламада.
Осы орайда министрлік жемқорлықтың кез келген көрінісіне қарсы екенін жеткізіп, заң бойынша ашық әрі жан-жақты тергеу жүргізілетінін мәлімдеді.