АСТАНА, 4 қыркүйек – Sputnik. Германия канцлері Олаф Шольц Украинаға тағы 17 IRIS-T зениттік-зымыран кешенін жеткізуге уәде берді, деп хабарлады РИА Новости.
“Канцлер Олаф Шольц Украинаға қосымша IRIS-T әуе қорғаныс жүйелерін беруге уәде етті. Украина үшін сегіз IRIS-T SLM жүйесі мен тоғыз IRIS-T SLS жүйесіне тапсырыс берілді. Бұл туралы Шольц Шлезвиг-Гольштейндегі Тодендорфтағы Бундесвер базасында айтты”, - делінген хабарламада.
Украинаға әр типтегі екі жүйе 2024 жылы, қалғандары 2025 жылдан бастап жеткізілетіні айтылды. Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады деп санайды.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қаруы бар кез келген жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын айтты. Оның айтуынша, АҚШ пен НАТО қақтығысқа тікелей қатысып отыр, оның ішінде тек қару-жарақ жеткізу ғана емес, сонымен бірге Ұлыбритания, Германия, Италия және басқа да елдерде кадрларды дайындап жатыр.