АСТАНА, 4 қыркүйек – Sputnik. ЕАЭО-да қағазсыз технологияларды қолдану және транзиттік тасымалдаудың бірыңғай ақпараттық кеңістігін қалыптастыру Қытайды қызықтырды, деп есептейді “Ресей темір жолы” АҚ бас директорының бірінші орынбасары Сергей Павлов.
“Мұнда теміржолшылар басқалардан сәл озып оұр, бірақ бұл бізде көлем үлкен болғандықтан ғана орындалуда”, - деді ол Владивостоктағы ШЭФ алаңында.
Сергей Павлов бұл ЕАЭО елдеріне де, қытайлық тасымалдаушыларға да қажет екенін айтты.
“Қазір біз қытайлықтармен құжатсыз құжат өңдеу технологиясына көшу туралы келісімге келдік”, - деді ол.
Сонымен қатар, Павлов өткен жылы Ресей мен ЕАЭО елдері арасындағы жүк тасымалының көлемі рекордтық көрсеткіш – 73,5 млн тоннаны құрағанын айтты. Оның 42 миллионы Қазақстанмен, 29 миллионы Беларусьпен жасалған.
“ШЫҰ, БРИКС және ЕАЭО елдеріндегі серіктестерімізбен бірге біз белсенді қосымша бағдарлар жасап, жаңа логистикалық шешімдерді әзірлеудеміз”, - деді ол.
Тауарлардың қозғалысы еркіндігі ЕАЭО-ның төрт негізгі еркіндігінің бірі болып табылады. Тағы үшеуі қызмет көрсетуге, капиталға және жұмыс күшіне қатысты.
Sputnik - ШЭФ бас ақпараттық серіктесі.