АЛМАТЫ, 4 тамыз – Sputnik. "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-ның бұрынғы төрағасы Асқар Маратұлының ісі сотқа жіберілді, деп хабарлады Бас прокуратура.
Ол бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілініп, тергеу жүргізілген болатын.
"Есіл өзені арқылы көпір сала отырып "Жақсы-Есіл – Бұзылық" автожолын күрделі жөндеуге бөлінген мемлекеттік қаражатты жымқырды деген күдікпен ұсталған "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ бұрынғы төрағасы мен бас мердігерге қатысты тергеу аяқталды”, - деп жазды ведомство.
Экс-басшы мердігермен заңсыз шарт жасасқан.
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басшылығы мердігермен бір көзден алу тәсілімен заңсыз шарт жасасты. 200 млн теңге көлеміндегі аванс мақсатсыз пайдаланылған", - дейді прокуратура.
Көлік прокуратурасы істі Астана қаласының сотына жолдады.