Қазақ тазысын ит тұқымы ретінде ресми түрде тануға аз қалды

Қазақстанға тұқым стандартын ұстаушы мәртебесі берілді
Sputnik
АСТАНА, 4 қыркүйек – Sputnik. Халықаралық кинология федерациясының (FCI) Бас комитеті қазақ тазысын ресми ит тұқымы деп тану туралы алдын ала шешім қабылдады және Қазақстанның тұқым стандартын ұстаушы мәртебесін бекітті.
Бұл шешім тазының халықаралық деңгейде қазақ итінің тұқымы ретінде толық танылуы алдындағы шешуші әрі соңғы кезең болып отыр, деп хабарлады Қазақстан президентінің іс басқармасы.
2022 жылы Тоқаев Президент істері басқармасына қазақ ит тұқымдарын сақтау, сондай-ақ оларды халықаралық деңгейде тану мәселесін шешуді тапсырды. Уәкілетті орган – Қазақстанның экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Қазақстанға тұқым стандартын ұстаушы мәртебесі берілді
Соңғы екі жылда елеулі жұмыстар атқарылды: тиісті заңдарға өзгерістер енгізілді, тазы стандарты бекітілді, ғылыми зерттеулер, тұқымды көрмелер жүргізілді. Бұл ретте тұқымдарды тіркеу (тану) Халықаралық кинологиялық федерацияға толық мүшелігі бар ұлттық кинологиялық ұйымдар арқылы ғана орындалады.
Қазақстан кинологтар одағы еліміздің әр өңірінде ауқымды тұқымдық көрмелер өткізді, иттер кешенді медициналық тексеруден өтті, оның ішінде қазақ тазысы бірегейлігінің бұлтартпас дәлелі болатын маңызды генетикалық зерттеулер жүргізілді.
Тарихи шолу 4 мың жылдан астам тарихы бар тұқымның шығу тегі мен дамуын толығымен қамтып, соңында "Қазақ тазысы" тұқымының атауын бекітті.
"Тазы" – біздің мәдениетіміз бен тарихымыздың ажырамас бөлігі, сондықтан біз ұлттық тұқымды сақтау және танымал ету үшін бар күш-жігерімізді салуға міндеттіміз. Бұл күн тарихта қалатынына сенімдіміз", - деді Қазақстан кинологтары одағының президенті Бауыржан Серікқали.
Барлық дерек пен жұмыс нәтижелері FCI-ге жіберілді, нәтижесінде Халықаралық кинология федерациясының бас комитеті бірауыздан шешім қабылдады.