Алматы облысында аудан әкімі ұсталды

Sputnik
АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Алматы облысы Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев ұсталды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Sputnik Қазақстанға ақпаратты растады.

"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде Алматы облысының аудан әкімі мен басқа да тұлғалардың әшкереленгенін растаймыз", - деп хабарлады ведомство.

Оған Қылмыстық кодекстің "Қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану" және "Билік немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану" баптары бойынша айып тағылды.
Тергеу жалғасуда. Антикор тергеу жүріп жатқандықтан өзге ақпараттың жария етілмейтін айтты.