Владивостокта Шығыс экономикалық форумы өтіп жатыр

Sputnik
АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. Владивостоктағы Русский аралындағы Қиыр Шығыс федералды университетінің алаңында Шығыс экономикалық форумы (ШЭФ) өтіп жатыр, деп хабарлайды РИА Новости.
Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаковтың айтуынша, форумға 76 елден алты мыңнан астам қонақ қатысады. Олардың арасында 650 ресейлік және 44 шетелдік компанияның басшылары бар.
“Форумның бірінші күні бірқатар іс-шаралар, соның ішінде “Сұңқар күні” екінші халықаралық форумы өтеді”, - деп жазылған материалда.
Қиыр Шығыс экономикасының жедел дамуына және Азия-Тынық мұхиты аймағындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге жәрдемдесу форумның негізгі мақсаты болып табылады.