АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. Шымкент қалалық прокуратура медициналық ұйымдардың тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету заңдылығын тексерді.
Тексеру барысында 12 қалалық емханада диспансерлік есепте тұрған 4 мыңға жуық науқас мемлекет кепілдік берген тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілмегені анықталды.
"Қадағалау актісі негізінде 3915 науқасқа дәрі-дәрмек берілді, 12 бас дәрігер ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабымен (Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу) әкімшілік жауаптылыққа тартылып, олардан 2 миллион теңгеден астам айыппұл өндірілді, 108 медицина қызметкері тәртіптік жауаптылыққа тартылды", — деп жазды бақылаушы органнан.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.