Шымкентте Opel Vectra мен Toyota Alphard бетпе-бет соқтығысты

Toyota Alphard көлігінің салонында Қызылордадан еліне қайтып бара жатқан Өзбекстанның жеті азаматы болған
Sputnik
АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. Шымкентте жантүршігерлік жол апатынан бір адам көз жұмып, жетеуі ауруханаға түсті.
Трагедия Алматы тас жолында болды – Opel Vectra жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Toyota Alphard көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.
"Opel Vectra жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Соққының күшті болғаны сонша, көліктің қозғалтқышы жұлынып кеткен", - деп хабарлады жергілікті Otyrar порталы.
Toyota Alphard көлігінің салонында Қызылордадан еліне қайтып бара жатқан Өзбекстанның жеті азаматы болған. Олардың барлығы ауыр жарақатпен ауруханаға жатқызылды.