АСТАНА, 3 қыркүйек - Sputnik. Румынияның сенаты мен депутаттар палатасы Patriot зениттік-зымыран кешенін Украинаға беруге мүмкіндік беретін заңнамаға түзетулерді мақұлдады. Бұл туралы заң шығарушы органның баспасөз қызметі мәлімдеме таратты, деп хабарлады РИА Новости.
Румынияның Жоғарғы қорғаныс кеңесі маусым айында Patriot әуе қорғанысы жүйесін Украинаға беруді мақұлдаған. Бүгінгі таңда Румынияда осындай екі жүйе бар, тағы екеуі жұмысқа жкнамды ету сатысында тұр. Румынияның министрлер кабинеті дүйсенбі күні Patriot зениттік-зымыран кешенін үшінші тұлғаларға беру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін жердегі әуе қорғанысы мүмкіндіктері туралы заңға түзетулер жобасын парламентке жолдады.
"Сенат дүйсенбіде бірінші палатада қаралғандай, Patriot зениттік-зымыран кешенін үшінші тұлғаларға сый ретінде тарту ету туралы үкіметтің заң жобасын қабылдады. 101 дауыс қолдады, 13 қарсы және екеуі қалыс қалды. Сейсенбіде палата депутаттары жобаны мақұлдады, 101 дауыс қолдады, 29 дауыс қарсы, біреуі қалыс қалды”, - делінген парламенттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.