Референдум қай кезде өтті деп саналады

Sputnik
АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. Орталық референдум комиссиясы атом электр станциясын салу бойынша референдумның қорытындысы қалай шығарылатынын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Комиссия төрғасының орынбасары Константин Петровтың айтуынша, бүгінде республикалық референдум туралы конституциялық заң бар. Оған сәйкес, сайлаушылар тізіміне кірген адамдардың жартысынан көбі дауыс берсе, референдум қай кезде өтті деп саналады.
"1 шілдедегі жағдай бойынша 12 176 968 адам дауыс бере алады. Бірақ бұл нақты тізім емес, референдумға 20 күн қалғанда сайлаушылардың нақты саны белгілі болады", - деді Петров бүгінгі брифингте.
Ал республикалық референдумда дауыс бергендердің ішінде жартысынан көбі "иә" немесе "жоқ" деген жауапты таңдаса, соған АЭС құрылысы бойынша шешім қабылданады. Сол кезде қазақстандықтар нақты бір сауалға жауап беруге тиіс. Ол - "Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?".
Айта кетері, АЭС-ты салу бойынша республикалық референдум 6 қазанда өтеді. Орталық референдум комиссиясының есебіне сәйкес, осы шараны өткізуге 15,5 млрд теңге қажет.
Референдум жұмысына мұғалімдер тартылады – комиссия төрағасы себебін айтты