ESG индексі рейтингісі: Қазақстан ТМД және Орталық Азия елдерін басып озды

ESG қағидаттарын ұстану өте өзекті, өйткені инвестиция тарту тұрғысынан шешуші рөл атқарады
Sputnik
АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан ESG индексі рейтингісінде 183 елдің ішінен 52-ші орынды иеленді.
ESG рейтингі қоршаған ортаға, адам құқықтарына, денсаулыққа және қауіпсіздікке байланысты тәуекелдерді қамтиды, деп жазды Energyprom.kz.

"Бұл рейтингіде Қазақстан 36,3 индексімен 183 елдің ішінен 52-ші орынды иеленді. Бұл барлық ТМД және Орталық Азия елдерімен салыстырғанда, әлдеқайда жақсы нәтиже", - деп жазылған хабарламада.

Қырғызстан бұл рейтингте 54-ші (индексі — 37,11), Молдова — 55-ші (37,19), Армения — 57-ші (37,52) орында. Әзербайжанды, Ресей мен Тәжікстанды (тиісінше 102-ші, 106-шы және 114-ші) айтпағанда, Өзбекстан мен Беларусь (86-шы және 88-ші) айтарлықтай төменгі орында.
ESG индексі 183 ел мен аумақты қамтиды және оған 65 өзгеріске негізделген үш субиндекс (қоршаған орта, адам құқығы, денсаулық және қауіпсіздік) кіреді, олар арқылы ESG тәуекелдерінің әсері өлшенеді.
Бүгінде ESG қағидаттарын ұстану өте өзекті мәселе, жекелеген компаниялар деңгейінде, сондай-ақ бүкіл ел деңгейінде инвестиция тарту тұрғысынан шешуші рөл атқарады.
Қазақстан өмір сүру сапасы жағынан әлемдік рейтингіде соңғы орындардың бірін иеленді