АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Биылғы жолдау үкімет үйінің ғимаратында арнайы парламент палаталарының бірлескен отырысы кезінде өтті.
Президенттің жолдауы жыл сайын қыркүйектің басында жарияланады. Мемлекет басшысы экономика, денсаулық, білім және тағы басқа салалар бойынша негізгі мәселелерге тоқталып, дамудың басымды бағыттарын айқындайды.
Президент жолдауы барлық республикалық телеарнадан тікелей эфирде көрсетілді. Сондай-ақ Ақорданың телеграм арнасында мәтін түрінде трансляция жүрді.