Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей Батыс елдерімен байланысқа ашық - Лавров

Мәскеу Батыстың ниетін мәлімдемелерімен емес, істерімен бағалайды
Sputnik
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Мәскеу Батыспен байланысқа ашық, бірақ достыққа жат қадамдарға қатал жауап береді. Бұл туралы РФ сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.
"Президент біздің ұжымдық Батыс елдері Ресейге ашық дұшпандық бағыттан бас тартатын болса, олармен байланысқа ашық екенімізді бірнеше рет айтты. Біз кез келген достыққа жат қадамға жауап ретінде қатал қарсы әрекет етуді жалғастырамыз", - деді Лавров Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты студенттері мен оқытушылары алдында сөйлеген сөзінде.
Оның айтуынша, Ресей "кез келген сценарийге дайын" ​​және Мәскеу Батыстың ниетін мәлімдемелерімен емес, істерімен бағалайды.
Сонымен қатар Лавров Батыс елдері Ресейдің мүдделерімен де санасуы керек екенін айтты.