Қазақстанда теміржол көлігінің қызметі 8%-ке қымбаттады

Sputnik
АЛМАТЫ, 2 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандағы темір жол қызметі 8%-ке қымбаттады, плацкарт құны 8%, ал купенің билеті 7%-ке - ға қымбаттаған, деп хабарлайды Finprom.kz.
Биыл қаңтар–шілде айларында жолаушылар темір жол көлігі саласындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар 129,7 млрд теңгеге жетті. Бір жыл бұрынғы 13,3 млрд теңге болған.
Ал жүк теміржол көлігі сегментіндегі инвестициялар, керісінше 26,3%-ке, яғни 122,9 млрд теңгеге дейін қысқарған.
"Биылғы шілде айының қорытындысы бойынша жолаушылар темір жол көлігі қызметтерінің бағасы бір жылда 8%-ке өсті. Оның ішінде қала маңындағы поезда жол жүру 10,4%-ке, республикаішілік қатынас поезының плацкарт вагонында 7,8%, республикаішілік қатынас поезының купе вагонында 6,7%-ке қымбаттады", - деп жазды ақпараттық портал.
Әсіересе Шымкентте темір жол қызметінің құны 19,1%-ке шарқтап кеткен. Қымбатшылық көрген аймақтар - Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Атырау облыстары мен Алматы қаласы.
Айта кетейік, көлік министрлігі 1 қазаннан бастап теміржол тасымалы тарифін 20%-ке арттыруды жоспарлап отыр. Министрліктің мәліметінше 140 маршруттың 62-сінде билет құны қымбаттайды. Ведомство вагондар паркін жаңарту және пойыздарда сервисті жақсарту үшін бағаның өсуі қажет дейді.