Найзағай, жаңбыр, үсік: алдағы күндері ауа температурасы төмендейді

Sputnik
АЛМАТЫ, 2 қыркүйек - Sputnik. "Қазгидромет" РМК мамандары алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды.
3 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады. Елдің солтүстігінде, шығысында кейбір уақыттарда найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады. Түнде елдің шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде солтүстік-батыс антициклон сілемімен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстік және шығыс аймақтарда тұман, топырақ бетінде 2 градусқа дейінгі үсік болады.
Сондай-ақ күндіз температураның біртіндеп төмендеуі күтіледі: республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында +8+15°С дейін, оңтүстігінде +20+28°С дейін төмендейді.