ЕАЭО-ның 190 өндірушісіне тауарларды сатып алуға қатысу құқығы берілді

Sputnik
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Одақтың 190 өндірушісі ЕАЭО-да 22 мың тауарды сатып алуға қатысу құқығын алды, деп хабарлады ЕЭК бәсекелестік саясаты және мемлекеттік сатып алу саясаты департаменті директорының орынбасары Павел Жуковский.
Ол Еуразиялық одақ елдерінің тауарлары басымдық болып қала беретінін айтты.
ЕАЭО-да 2020 жылдың соңында өнеркәсіптік тауарлардың еуразиялық тізілімі құрылды, деп еске салды Жуковский, сондай-ақ комиссия электронды цифрлық қолтаңбаны өзара танудың бірыңғай ережелерін бекіту құқығын алды.
Сонымен қатар өткен жылы ЕАЭО елдері мемлекеттік сатып алулар бойынша банктік кепілдіктерді өзара тану туралы келісімге қол қойды.
"Бұл мемлекеттік сатып алулардың кедергісіз ортақ нарығын құрудағы тағы бір қадам", - деді Жуковский.