Тоқаев АЭС бойынша референдумның күнін белгіледі

Президент бүгін тиісті жарлыққа қол қояды
Sputnik
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атом электр станциясын салу бойынша жалпыхалықтық референдумның күнін белгіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінгі жолдауда мемлекет басшысы АЭС тақырыбының қоғам талқысына түскеніне бір жыл болғанын еске салды.
“Бұл азаматтарымыздың жан-жақты ойланып, салмақты шешім қабылдауына жеткілікті мерзім деп ойлаймын. Сондықтан мен Үкіметтің ұсынысын қолдаймын. Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биылғы 6 қазанда өтеді. Бүгін тиісті жарлыққа қол қоямын”, - деді Тоқаев.
Президенттің айтуынша, алдағы референдум кең ауқымды жалпыұлттық диалогтың тағы бір айқын көрінісі болады.
“Шын мәнінде, бұл – “Халық үніне құлақ асатын мемлекетке” тән сипат. Біз осындай қадамдар арқылы жаңа қоғамдық-саяси мәдениеттің негізін қалаймыз. Маңызды мемлекеттік шешімдер қабылдаудың жаңа үлгісін жасаймыз”,-деп түйіндеді мемлекет басшысы.
Қоғам
АЭС құрылысы кезінде қанша жұмыс орны ашылады - министр нақты санын жариялады