АЛМАТЫ, 1 қыркүйек - Sputnik. Шымкентте потрульдік полиция қызметкерін пышақтап кетті, деп хабарлайды қалалық полиция басқармасы.
Оқиға 1 қыркүйекте болған.
"Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет атқару барысында патрульдік полиция полкінің инспекторын арқасынан ер адам пышақпен ұрған", - дейді ведомство.
Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
ҚР ҚК-нің 380-бабымен "Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері" қылмыстық іс қозғалды.
Күдікті 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Күдікті 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.