Камчаткада тікұшақ апатқа ұшырады - экипаж бен жолаушылардың барлығы қаза тапты

Қазіргі уақытта 17 адамның мәйіті табылды
Sputnik
АСТАНА, 1 қыркүйек - Sputnik. Камчаткада жоғалып кеткен Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырады, оның бортында барлық адам алдын ала ақпарат бойынша қаза тапты, деп хабарлады РИА Новости.
"Қазіргі уақытта 17 адамның мәйіті табылды. Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр", - деп хабарлады РФ Төтенше жағдайлар министрлігі.
Болжам бойынша ауа райының қолайсыздығынан тікұшақ төбеге соғылған.
Ми-8 сынықтары 980 метр биіктікте жатыр.
Бір күн бұрын Вачкажец тау жотасы ауданындағы қону алаңынан Елизов ауданы Николаевка кентіне баруы керек болған МИ-8 тікұшағы межелі жерге жеткен жоқ. Әуе кемесімен байланыс үзілген.
Алдын ала мәліметтер бойынша, бортта 19 жолаушы мен үш экипаж мүшесі болуы мүмкін.
Ресейдің Тергеу комитеті әуе көлігінің қауіпсіздігі мен пайдалану ережелерін бұзу туралы бап бойынша қылмыстық іс қозғады