АЛМАТЫ, 31 тамыз - Sputnik. Бас прокуратура мен қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Біріккен Араб Әмірліктерінен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған Қазақстан азаматын экстрадициялады, деп хабарлайды Бас прокуратура.
"Күдікті 2023-2024 жылдар аралығында Атырау облысында букмекерлік кеңсе түріндегі заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, нәтижесінде 21 млн теңге көлемінде пайда тапқан", - дейді ведомство.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, халықаралық іздеу жарияланды. Биыл тамызда ол Абу-Даби қаласының аумағында ұсталды.
"Ол бұрын да осындай қылмыс жасағаны үшін сотталған. Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды", - дейді Бас прокуратура.
Мұндай қылмыс жасаған адамның мүлкі тәркіленіп, 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.