АСТАНА, 31 тамыз - Sputnik. Түркістан облысындағы "Қызылқұм-1" суару және дренаж жүйесі жылына 45 млн текше метр суды үнемдейді.
Нәтижесінде 2400 жұмыс орнын құруға мүмкіндік болады. Шардара ауданында орналасқан жүйе суармалы суды егіс алқаптарына жібереді және жер асты суларының қажетті деңгейін сақтайды.
Бүгінгі таңда жоба бойынша 165 км канал, 155 км коллектор және 706 гидротехникалық құрылысқа жөндеу жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде бірқатар арналардың тиімділігі артты: пайдалы әсер коэффициенті 60%-тен 90%-ке дейін өсті.
"Бүгінде құрылыс-монтаж жұмыстары жартысына аяқталды. Қазір Түркістан облысында бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылуда. Су ресурстары және ирригация министрлігінің қолдауымен 68 млн текше метр су жинауға қабілетті "Бәйдібек-ата" су қоймасы, сондай– ақ ұзындығы 21,7 км "Сарқырама" каналы салынып жатыр", - дейді филиал директоры Қазыбек Бедебаев.
Жоба жоспар бойынша 2025 жылы аяқталады. Оның нәтижесінде 12,5 мың гектар егіс алқабына су беру жақсарып,, су шығыны жылына 45 млн текше метрге азайып, 2400 тұрақты жұмыс орны ашылады.