АСТАНА, 31 тамыз – Sputnik. Ермек Маржықпаев туризм және спорт министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақорда.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Ермек Маржықпаев туризм және спорт министрі қызметіне 2023 жылы 2 қыркүйекте тағайындалған еді.