АСТАНА, 31 тамыз - Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында "Востокцветмет" ЖШС шахтасында 4 адам уланып қайтыс болды, деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаменті.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 31 тамыз күні сағат 17:30-да "Востокцветмет" ЖШС шахтасында 4 адам қаза болды. Алдын ала ақпарат бойынша олар белгісіз затпен уланған.
Тағы бір адам Глубоковский аудандық ауруханасына жатқызылды, оның жағдайын дәрігерлер тұрақты деп бағалап отыр.
KAZ Minerals компаниясының хабарлауынша, оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.
"Қайғылы оқиғаны тергеу жөніндегі арнайы комиссия құрылды. KAZ Minerals Тобының директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачук жазатайым оқиғаны тергеуге жеке қатысу үшін Ертіс шахтасына барды", - делінген хабарламада.
KAZ Minerals басшылығы мен ұжымы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, марқұмдардың отбасына жан-жақты көмек көрсетілетінін жеткізді.