АСТАНА, 31 тамыз – Sputnik.31 тамызда Парижде өтіп жатқан 2024 жылғы Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар төрт сайыс түрінен жарыс жолына шығады.
Алдымен пара нысана көздеуден 12:30-да Еркін Ғаббасов жарыс жолына шықса, 15:00-де Севда Әлиева сайысқа түседі.
Ал 13:08-де пара жеңіл атлетикада Гүлбақыт Қайыржанова ел намысын қорғайды.
Сондай-ақ пара таэкондодада 14:26-да Нұрлан Домбаев,14:48-де Нышан Өмірәлі жарысса, 17:00-де волейболды отырып ойнаудан Қазақстан құрамасы Босния және Герцоговинамен кездеседі.