Паралимпиада-2024: Еркін Ғаббасов финалға шықты

Ол 2024 жылғы жазғы Паралимпиада ойындарының іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетті
Sputnik
АСТАНА, 31 тамыз - Sputnik. Қазақстандық мерген Еркін Ғаббасов Паралимпиада финалына шықты.
Ғаббасов 10 метр қашықтықтан пневматикалық мылтықтан ату бойынша біліктіліктің жалпы есебінде 6-шы орынға ие болды.
Қазақстандық мерген Еркін Ғаббасов
Ол барлығы 619.5 ұпай жинады(104.6; 102.6; 102.3; 103.0, 103.8, 103.2 раундтар бойынша). Іріктеуге барлығы 18 жұп спортшы қатысты, олардың тек сегізі ғана финалға шықты.
Қазақстаннан барған 40 жастағы мерген SH1 санатында бақ сынады. Айта кетейік, бұл жарысқа қосымша қолдаусыз қаруды ұстап тұруға қабілетті тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар қатысады.