Алғашқы медаль қоржынға түсті: Еркін Ғаббасов күміс жеңіп алды

Sputnik
АСТАНА, 31 тамыз - Sputnik. Париждегі Паралимпиада ойындарында Еркін Ғаббасов Қазақстан қоржынына алғашқы медальды салды, деп хабарлайды спорт министрлігі.
Финалда R1 классында винтовкамен 10 метрге нысана көздеуден сынға түскен Еркін Ғаббасов 247.7 ұпай жинап, күміс жүлде жеңіп алды.
Алтын медальды 249.4 ұпай жинаған Корея спортшысы Парк Дж, ал қола медальды 226 ұпай жинаған Дания елінің спортшысы еншіледі.
Бұл - нысана көздеуден алғашқы Паралимпиада жүлдесі.
Бұған дейін қазақстандық мергеннің финалға шыққаны айтылған болатын.
Паралимпиада-2024: Еркін Ғаббасов финалға шықты