ЕАЭО-да цифрландыру: Қазақстан электрондық паспорттар туралы келісімге қол қойды

Енді Қазақстаннан жүк көлігін немесе тракторды қадағалау бүкіл ЕАЭО аумағында оңай болады
Sputnik
АСТАНА, 30 тамыз - Sputnik. Ақпараттық өзара іс-қимыл туралы келісімге "Электрондық паспорт" АҚ (Ресей) және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ (ҰАТ АҚ, Қазақстан) қол қойды, деп хабарлады Еуразиялық экономикалық комиссияның штаб-пәтері
ЕЭК техникалық реттеу және аккредиттеу департаментінің директоры Талғат Момышев:
"Құжат ЕАЭО-да техниканың еркін айналымын қамтамасыз ету үшін үлкен маңызға ие", - деп санайды.
Келісім көлікке электрондық паспорттарды ресімдеу кезінде ақпарат алмасу үшін маңызды, деді ол.