Атырау облысында 1,3 миллионнан астам балық шабағы құтқарылды

Индер ауданындағы бөлініп қалған сулардан 1 млн 280 мың, "Маломокрый" арнасынан 37 мың дана балық шабағы қауіпсіз жерге шығарылды
Sputnik
АСТАНА, 30 тамыз – Sputnik. Атырау облысында 1,3 миллионнан астам балық шабағы құтқарылды, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
"27-28 тамыз күндері Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп Индер ауданындағы бөлініп қалған сулардан 1 млн 280 мың дана балық шабағын құтқарды", - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ "Маломокрый" арнасынан 37 мың дана балық шабағы құтқарылып, Жайық өзеніне жіберілді.
Құны 200 млн теңгеден асатын балық өнімі заңсыз экспортталған