АСТАНА, 30 тамыз – Sputnik. Астанада екі университетте жаңа студенттік жатақхана пайдалануға берілді, деп хабарлайды қала әкімдігі.
Жаңа жатақханалардың біреуі "Тұран-Астана" университетінде ашылды. Онда 100 орын қарастырылған. Ал медицина университетінің жаңа жатақханасында 700 студент жайғаса алады.
Бөлмелерде барлық қажетті жиһаздар, тоңазытқыш және жоғары жылдамдықты интернет бар.
Айта кетері, былтыр Астанада студенттік жатақханалар салу бойынша жобалық кеңсе (Бейбітшілік көшесі, 9) ашылған болатын. Фронт-офистің негізгі міндеті – жатақханалар салу жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау және студенттерді тұрғын үймен қамтамасыз ету, ЖОО-лар мен әлеуетті инвесторларға заңгерлік, консультациялық және сараптамалық қолдау көрсету. Жаңа жатақханалар осы кеңсенің қолдауымен ашылып отыр.
Жалпы, биыл Астанада алты жатақхананы пайдалануға беру жоспарланып отыр. Ал 2025 жылы тағы 2 жатақхананы салынады. Сонымен қатар, елорда әкімдігі жатақханалар салу үшін тағы 4 жоғары оқу орнына жер телімдерін бөліп берді.