АСТАНА, 30 тамыз – Sputnik. Бүгін Ақтөбе облысының Қобда ауданында су тасқынынан зардап шеккен 117 отбасы жайлы жаңа үйлердің кілттерін алды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қобда ауылында 100 үй, одан бөлек Жарық ауылында тағы 17 үй бой көтерді.
Аумағы 80 шаршы метрді құрайтын әр үй автономды жылытуға арналған санитарлық тораптар мен қазандықтарды қоса алғанда, заманауи қондырғылармен жабдықталған. Жаңа қоныс иелеріне кілт тапсырған Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров апаттан зардап шеккендер мемлекет пен жеке кәсіпкерлерден көмек уақытылы берілгенін атап өтті.
Ақтөбе облысында су тасқынынан кейін 100-ден астам отбасы жаңа үйдің кілтін алды
Жаңа баспананың кілтін алғандардың көпшілігі туыстарымен уақытша тұрды немесе пәтер жалдап келді. Қобда ауданында 30 жылдан астам тұрып жатқан төрт баланың анасы Жадыра Аяпбергенова өз әсерімен бөлісті.
"Су тасқыны кезінде үйдің ішіне кірген су 20 сантиметрге дейін көтерілді, біз қолымызда бар дүниемізді бір сәтте жоғалттық. Меценаттар мен мемлекеттің қолдауының арқасында жаңа үйге кіріп жатырмыз, жаңа үміт пайда болды. Көрсетілген көмекке өте ризамыз. Бізге үй ұнады, құрылыс процесін бақылап, бас-қасында болдық. Үйімізде жылыту және санитарлық тораптарды қоса алғанда, жайлы өмір сүру үшін бәрі бар", — деді ол.