Құрылыс саласында 1,3 млрд теңгеге заңбұзушылық анықталды – аудит нәтижесі

Әкімшілік құқықбұзушылық белгілері бар 21 факті бойынша материалдар уәкілетті органдарға берілді
Sputnik
АЛМАТЫ, 29 тамыз - Sputnik. Жоғары аудиторлық палата құрылыс саласындағы баға белгілеуге қатысты аудит қортындысын жариялады, деп хабарлайды жоғарғы аудиторлық палата.
Заседание Высшей аудиторской палаты РК
Ресми статистика деректері бойынша, өткен жылы Қазақстандағы құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі 2022 жылмен салыстырғанда 21%-ке ұлғайып, 7,6 трлн теңгеге жеткен.
Жоғары аудиторлық палата мүшесі Михаил Бортниктің айтуынша, құрылыстағы баға белгілеуге әсер ететін қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерде бірқатар олқылықтар мен кемшіліктер бар.
"Базалық кәсіпорындар, яғни өнім берушілерді іріктеуде нақты өлшемшарттар мен ашықтық жоқ. Олардың негізінде бағаларға бақылау жүргізіледі және құрылыста сметалық-нормативтік база қамтамасыз етіледі. Бұл құрылыс материалдары, бұйымдар, конструкциялар мен жабдықтардың бағасын бақылауға да қатысты. Бұл ретте компаниялар белгіленген есептілікті ұсынбағаны үшін жауап бермейді", - дейді ол.
Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада кемшіліктер анықталып отыр. Атап айтқанда, мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларында мердігердің сметасына (офертасына) сәйкес құрылыс жобаларын іске асыру туралы ережелер ескерілмеген.
Бірдей объектілерді салу кезінде артық құн фактілерін болдырмау үшін құрылған құрылыс жобаларының мемлекеттік банкінде 6 706 жоба бар. Ал соның ішінде 5 665 (84,5%) жобаны пайдалануға авторлық (мүліктік) құқығы жоқ.
Мемлекеттік аудит саладағы нақты инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезіндегі жүйелік проблемаларды көрсететін заңбұзушылықтар мен кемшіліктерді де анықтады. Мәселен, ШҚО Күршім ауданындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір өткелін салу жобасы 31,2 млрд теңгеге, яғни 104%-ке қымбаттаған. Өскемендегі Гематология орталығының құны 32-ден 72 млрд теңгеге дейін, яғни 125%-ке өскен.
Мемлекеттік аудит барысында барлығы:
1,3 млрд теңгеге қаржылық заңбұзушылықтар анықталды.
бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және пайдалану – 14,2 млрд теңгеден астам.
экономикалық шығындар мен жіберіп алған пайда – 530 млн теңге.
Сондай-ақ 26 жүйелік кемшілік пен 88 рәсімдік заңбұзушылық анықталды.
Әкімшілік құқықбұзушылық белгілері бар 21 факті бойынша материалдар уәкілетті органдарға берілді.
Смайылов: 39 миллиард теңгеден астам қаражаттың заңсыз жұмсалғаны анықталды