Қазақстандық бүркітшілерге көшпенділер ойындарындағы жүлделері үшін арнайы сыйақы беріледі

"Құсбегілік" республикалық федерациясы ақшалай сыйақылардың көлемін жариялады
Sputnik
АСТАНА, 29 тамыз - Sputnik. "Құсбегілік" республикалық федерациясы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жеңіске жеткендер үшін арнайы ақшалай сыйақыларды жариялады.
Бүркіт, сұңқар және қаршыға ұстаған аңшылар жеңген орынға байланысты әртүрлі сома алады. Атап айтқанда:
бірінші орын – 1 млн теңге;
екінші орын – 500 мың теңге;
үшінші орын – 300 мың теңге.
Жалпы, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дирекциясы бұған дейін хабарлағандай, жеке спорт түрлері бойынша жеңімпаздар ақшалай сыйақылармен марапатталады. Оның мөлшері мынадай болмақ:
бірінші орын – 500 мың теңге;
екінші орын – 300 мың теңге;
үшінші орын – 200 мың теңге.
12-13 қыркүйекте Этноауыл аумағында жыртқыш құстармен жарыстар өтеді. Қазақ бүркітшілердің дайындығын Республикалық федерация президенті Берік Уәли тексерді.
Тоқаев Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дайындық барысымен танысты