Фото

Ғарышкер, станция басшысы және мэр: әлемдегі танымал 10 мысық - фото

Sputnik
Адамдар мысықтарды әдетте үнемі бір қызыққа тап болатын, сипалағанды ұнататын және судан қорқатын жануар түрінде көреді. Алайда суреттер топтамасынан тышқандарды ғана емес, қылмыскерлерді де ұстайтын, ғарышқа ұшатын, фильмдерде ойнайтын, болашақты болжайтын, маңызды қызметтерді атқаратын, ең бастысы - адам өмірін сақтайтын мысықтарды ұсынамыз.
1 / 10

Бұл Ларри атты мысық Даунинг-стрит, 10 мекенжайында тышқан аулаумен айналысады. Ол мекенжайда үш жүз жылдан бері Ұлыбритания премьер-министрінің резиденциясы орналасқан.

2 / 10

Мостик атты мысық Қырым көпірі құрылысының басты бойтұмары.

3 / 10

Фелиссет - бұл ғарышқа ұшқаны дәлелденген жалғыз мысық.

4 / 10

Оранджи атты мысық 1950-60-шы жылдары америкалық кинаға түскен мысық.

5 / 10

Русик - браконьерлермен күресте тінтуші төбет ретінде қызмет еткен.

6 / 10

Эрмитраждық Ахилл есімді бұл мысық Санкт-Петербургтегі ең танымал мысық. Ол 2017 жылы футболдан Конфедерация кубогінің "көріпкелі" ретінде ойындардың есебін болжаған.

7 / 10

Гли - Ыстамбұлдағы Әулие София соборының нышанына айналды.

8 / 10

Фред - құқық қорғау органдарында қызмет еткен мысықтардың бірі.

9 / 10

Тама есімді мысық станция басшысы қызметін атқарып, темір жол нысанын банкроттықтан құтқарып, бюджетке 10 миллион доллар пайда әкелді.

10 / 10

Стаббс - Аляскадағы Талкитна елді мекенінде құрметті мэр болған мысық.