АЛМАТЫ, 29 тамыз - Sputnik. Ақтөбе облысында халықаралық тас жолдарында жол апатына басты себеп - жолдың нашар жағдайы, дейді облыстық прокуратура.
Биыл жыл басынан бері Ақтөбе облысының халықаралық тас жолдарында болған көлік апатынан 95 адам қайтыс болды, оның 15-і бала. Жол апатының бір себебі – жол жағдайының нашарлығы, дейді ведомство.
Ақтөбе облысы прокуратурасымен көлік министрлігіне заң бұзушылықтарды жою туралы қадағалау актісі жолданды. Қарау нәтижесінде, "Самара-Шымкент" тас жолына кешенді зерттеу жұмыстары жүргізілді.
"Басты себеп – зардап шеккендерге дер кезінде медициналық көмек көрсетілмейді. Автомобиль тас жолдарында ұялы байланыстың жоқтығы және жол-көлік оқиғасы болған жағдайда білікті медициналық көмек көрсету мүмкіндігінің жоқтығы", - дейді облыстық прокуратура.
Бұл проблеманы шешу үшін облыстық прокуратура бастамасымен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-мен арнайы комиссия құрылды.