Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украина бойынша бейбіт келіссөз жүргізуге алғышарт жоқ – Песков

Sputnik
АСТАНА, 28 тамыз – Sputnik. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Украинадағы жағдайды реттеу бойынша бейбіт келіссөз жүргізу үшін қазір ешқандай алғышарт жоқ деп мәлімдеді.
"Қазіргі уақытта мұндай келіссөз үшін ешқандай алғышарттың жоқтығы анық", - деді Песков брифингте Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөз жүргізу мүмкіндігіне түсініктеме бере отырып.
Сонымен қатар Песков Батыс елдері қазір Украинадағы қақтығысқа белсенді жұмылдырылып жатқанын да айтты.
Бұған дейін РФ президентінің көмекшісі Юрий Ушаков Украинаның Курск аймағына шабуылы аясында Ресей дәл қазіргі кезеңде диалог жүргізбейді деп мәлімдеді.
Ресей бұған дейін Украинаға қару-жарақ жеткізілуіне байланысты НАТО елдеріне ескерту жіберген. Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров Украинаға қару-жарақ жіберген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысана болатынын айтты.
Ресей Федерациясының сыртқы саясат ведомствосы НАТО елдері Украинаға қару-жарақ жеткізу арқылы "отпен ойнап отыр" деп мәлімдеді.