ЕЭК Әзербайжаннан жеткізілген алюминий таспасына қатысты шешімге өзгеріс енгізді

Sputnik
АСТАНА, 28 тамыз - Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы Әзербайжан Республикасы мен Қытай Халық Республикасынан шығатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін алюминий таспасына демпингке қарсы бажды енгізу туралы 2020 жылғы шешімге өзгеріс енгізді, деп хабарлады ЕЭК.
Бұл өзгерістерге “Алюминий өндірушілері, жеткізушілері және тұтынушылары қауымдастығы” Қауымдастығы берген өтінімді қарау нәтижелері бойынша ЕЭК Ішкі нарықты қорғау департаменті директорының 2023 жылдың 27 қарашасындағы бұйрығына сәйкес басталған ағымдағы шараны айналып өтуді анықтау мақсатында қайталанған демпингке қарсы тергеу нәтижелері себеп болды.
“Әзербайжаннан алынған алюминий таспасы қайта тексерудің нысаны болды. Ол таспаны демпингке қарсы бажды енгізу туралы шешімде көрсетілмеген ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары бойынша жіктеуге немесе демпингке қарсы шаралар қолданылмайтын тауар түрі ретінде жіктеуге мүмкіндік беретін түзетулер енгізілген”, - деп мәлімдеді ЕЭК Сауда министрі Андрей Слепнев.
Ол тексеру барысында жиналған ақпаратты талдау нәтижелері бойынша демпингке қарсы шараны айналып өтудің бар екені, оның әсерін бейтараптандыру және осы фактордың ЕАЭО елдерінің нарығында сала тауарлары сату бағасына әсері туралы қорытындылар жасалғанын, сондай-ақ соның салдарынан демпингтік импорттың болуы анықталғанын түсіндірді.
Осыған байланысты ЕЭК Алқасы Әзербайжаннан шыққан және өзгертілген әдістермен жеткізілетін алюминий таспасына демпингке қарсы баждың күшін кеңейтті. Шешім ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік 30 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.